Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде "пранк" жасағаны үшін сотталған атышулы қазақстандық блогер бостандыққа шықты

Мәскеуде “пранк” жасаймын деп 3,5 жылға сотталған қазақстандық блогер Айдын Түсіпов бостандыққа шықты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айдын Тусупов коллаж

Бұл туралы Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлаған.

“Айдын Түсіпов 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Ақмола облысындағы қылмыстық-атқару жүйесінің №1 мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Қарағанды ​​қаласына тұрғылықты жеріне жөнелтілді”, – делінген ақпаратта.

Түсіповтің босатылған сәті түсірілген бейнежазба да пайда болған. 

Еске салайық, 2021 жылдың наурыз айында блогерлер Айдын Түсіпов, Рамир Хасанов және Ерсін Дүмшебай Мәскеуде премиум такси шақырған. Жүргізуші олардың өтініші бойынша жүктерді жүксалғышқа салып жатқанда, бір жігіт жолаушылар орындығына отырып, екіншісі көліктің руліне отырып, кетіп қалады. Үшінші азамат жүріп кеткен көлік пен оның жүргізушісінің эмоциясын түсіріп алған. Бірнеше минуттан кейін олар қайтып келіп, жүргізушіге осылайша әзілдесіп жатқандарын түсіндіреді.



Сол күні қазақстандықтарды полиция ұстайды. Қараша айында Мәскеу аудандық соты оларды жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Қыркүйек айында БАҚ Айдын Түсіповтің Қазақстанға экстрадицияланғанын жазған.

Талқылау