Жамбыл облысында 44 оқушы мен мұғалімнің улану фактісін полицейлер тексеріп жатыр
Жамбыл облысында 44 оқушы мен мұғалімнің улану фактісі бойынша полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Аталған факті бойынша Байзақ аудандық ішкі істер бөліміне ҚР ҚК 304-бабының 1-бөлігімен (санитариялық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу) ТЖК тіркеліп, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде”, – делінген облыстық прокуратураның мәліметінде.
Тергеу барысы прокуратураның бақылауында екені айтылған.
- "39 таблетка шашып, кетіп қалған": Ақтауда уланып мерт болған екі баланың өліміне қатысты тың деректер белгілі болды
- Улану жалғасуда: Ақтауда тағы үш бала мен екі ересек тұрғын қандалаға қарсы дәріден соң ауруханаға түсті
7 қараша күні Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 44 оқушысы мен екі мұғалімі тамақтан улану белгілерімен Байзақ ауданы орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне түскен.
Прокуратура 35 адамның (33 студент пен екі мұғалім) ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тиісті тексеруді тағайындаған. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашүкеевтің тапсырмасы бойынша комиссия құрылған.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды