Алматы ЖЭО-2 2026 жылдың соңына дейін газға көшіріледі
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматыға жұмыс сапарымен келіп, жылу электр станцияларын тексерді. Сапар барысында Алматы ЖЭО-2 2026 жылдың соңына дейін газға көшетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет минситрліктің ресми сайтынан
Министр "Алматы электр станциялары" АҚ ЖЭО-2 және "Алматытеплокоммунэнерго" ЖШС-нің "Орбита" қазандығында болды. 2-ЖЭО-да ол әкімдік пен "Самұрық-Энерго" АҚ өкілдерінің қатысуымен жылу беру кезеңінің өтуі бойынша үйлестіру штабының отырысын өткізді.
Алматы ЖЭО-2 өкілдері қазірдің өзінде газға көшіру бойынша мердігер анықталып, жұмыстардың басталғанын жеткізді. Бұл 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Сондай-ақ, 2-ЖЭО-да №3 қазандық пен №1, 2 турбиналарына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Соңғы кезеңде №5 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды