Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еті 800-1500 теңге аралығында": БҚО-да белгісіз азаматтар ақбөкен етін сатуға ұсынған

Әлеуметтік желіде БҚО-да белгісіз біреулердің көп мөлшердегі ақбөкен етін сатуға ұсынып жатқаны туралы хабарламалар тарады. Алайда "Охотзоопром" РМК олардың популяциясын реттеу аясында киіктерді атуға әлі кіріспегендерін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Уральская Неделя” телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет Уральская Неделя

Орал қаласының базарларындағы кейбір ет сатушылар да 800-1500 теңге аралығында ақбөкен етін жеткізу туралы ұсыныстар түсе бастағанын растаған.

Ал "Охотзоопром" РМК бұл жануарлардың популяциясын реттеу аясында атуға әлі кіріспегендерін мәлімдеді.

Полиция департаменті болса ақбөкен етін сату фактілерін тексермейтінін және бұл "Охотзоопром" РМК-ның құзырында екенін жеткізді. 

“Ақбөкенді аулау әлі де браконьерлік әрекет болып табылады. Мұны тек "Охотзоопром" мекемесіне қарасты күзетшілер құрған бригадалар ғана жүргізе алады. Ал олардан түскен ет ресми тізім бойынша ет комбинаттарына жіберіледі”, – делінген хабарламада.

Сурет Уральская Неделя

Осы тұста БҚАТУ ғалымдары жас киіктердің жағдайы нашар екенін хабарлады. Айтуларынша зерттеу нәтижелері ақбөкендердің әлсіз екенін және қыста ақпан-наурыз айларында жаппай қырылуы күтілетінін көрсетеді.

Талқылау