Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерді ұрып, мәйітті ұрлаған: Алматы облысында кек алмақ болған екі адам 12 жылға қамалмақ

Алматы облысы Талғар қаласында медицина қызметкерлерін ұрып-соққан екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы облыстық полиция департаменті мәліметінше, қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайдильдин.

Еске салайық, кеше Талғар аудандық ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген ұлдары медицина қызметкерлеріне күш көрсетіп, марқұмның денесін ұрлап кеткен.

Талқылау