БҚО-да ұлттық жоба аясында тұрғын үйлер құрылысына және пәтерлер сатып алуға 11,3 миллиард теңге бөлінді
Президент өз жолдауында тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керектігін қадап айтқан болатын. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі таңда облыс бойынша үй алу кезегіне 32 мың азамат (оның 22 мыңы облыс орталығында) тіркелген.
“2023 жылы "Қуатты өңірлер - елді дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде тұрғын үйлер құрылысына және пәтерлер сатып алуға 11,3 млрд. теңге (бағалы қағаздар шығару есебінен - 6,6 млрд. теңге, РБ (пәтер сатып алу) – 1,7 млрд. теңге, ЖБ – 3,0 млрд. теңге) бөлініп, облыста 15 көппәтерлі тұрғын үй (1814 пәтер) және ауылдық елді мекендерде 42 тұрғын үй (563 пәтер), барлығы 2377 пәтер құрылысы қарастырылған”, – делінген мәліметте.
Жылдың қорытындысы бойынша 30 тұрғын үйді, яғни 893 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.
“Соның 7 көппәтерлі тұрғын үйі (680 пәтер) Орал және Ақсай қалаларында болса, ауылдық елді мекендерде 23 тұрғын үйді (213 пәтер) қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмыз. Оған қоса, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын жайын сатып алуға 1,7 млрд теңге қарастырылып, Орал қаласы бойынша 178 пәтер сатып алу көзделген. Нәтижесінде, үй кезегінде тұрған азаматтарға 1071 пәтер пайдалануға берілетін болады”, – дейді әкімдіктен.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?