"Сәлеметсіз бе" дегенді қою керек": Имам қазақстандықтарды дұрыс амандасуға шақырды
Қазақстандық имам-ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы мұсылман қауымын "сәлеметсіз бе" деп амандасудан арылуға шақырды. Айтуынша, барша жұртшылық бұл сөздің орнына "ассалаумағалейкум" сөзін қолдануы керек екен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Arbat.media сілтеме жасап.

Имам Қазақстанда "сәлемсіз бе" деп амандасудың кең тарағанын айтады. Әйелдер мен ерлер де осылай амандасады.
“Бұл сөз қайдан шыққан? Кеңес заманында "ассалям" сөзін аталарымыз “сәлем” деп қысқартқан. Себебі ол кезде бұл сөздерді ашық айтуға тыйым салынған еді. Осылайша билік "сәлеметсіз бе" қазақтың менталитетіндегі сөз деп ойлады. Бірақ, Аллаға шүкір, тәуелсіз мемлекет болып, дінімізді толық меңгеріп жатырмыз. Сондықтан "сәлеметсіз бе" дегенді қою керек. Бір-бірімізге "Ассалаумағалейкум, уағалейкумәссалям" деп амандасуымыз керек", – деді имам Қабылбек Әліпбайұлы.
Бүгінде бұл пікір көпшіліктің талқысына түсуде.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"