Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай үздік мақала байқауын жарияланды
“Ұлттық рухани жаңғыру” ұлттық жобасының аясында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жобалық кеңсесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай үздік мақала байқауын жариялады.

"Ахмет Аманаты" атты үздік ғылыми мақала байқауы ұлт ұстазы, ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы жас ғалымдар, жазушылар және журналистер арасында ұйымдастырылған.
Байқаудың мақсаты мен міндеті – Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын насихаттау, зерттеу, жастардың бойында ұлттық рух пен отаншылдық сезім қалыптастыру, ұлттық құндылықтар мен Алаш мұрасын дәріптеу.
Айта кету керек, байқаудың жүлде қоры: 1-орынға 200 000, 2-орынға 100 000, 3-орынға 50 000 теңге көлеміндегі сыйлықақы.
Мақалалар 2022 жылдың 11-қыркүйегіне дейін қабылданады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған