10 дана жұмыртқа 600 теңге: Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өсті
Ұлттық статистика бюросы өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 пайызға қымбаттағанын мәлімдеді. Ай басынан бері олар 0,5%-ға, ал жыл басынан бері 20,1%-ға өскен. Осыған орай жұмыртқаның бағасы көтерілсе, пияз, сәбіз, картоптың құны төмендеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар өнімдер 19,6%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 4,1%-ға жоғары.
Соңғы аптада бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы 1,9%-ға бірден өскен. Кейбір азық-түлік дүкендерінде қазір он дана жұмыртқаның бағасы 600 теңгеге дейін бағалануда.
Сонымен қатар, соңғы аптада пияз – 2,6%-ға, сәбіз – 1,7%-ға, картоп – 0,9%-ға бағасы төмендеген.
18 қазандағы жағдай бойынша қарақұмық келісіне орта есеппен 524 теңге, картоп 152 теңге, айран (2,5%) литрі 345 теңге болды.
Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады
Бүгінде нарықтағы бірқатар компаниялар туған күніне орай нақты бонустар есептейді
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен