Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қамқоршы әйел араққа салынып кеткен": Жетісу облысында төрт жетім бала аш күйде табылды

Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында тәртіп сақшылары төрт жетім баланы аштықтан құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция қызметкерлері бақылаушылармен бірге ата-анасыз қалған балаларды асырап алушылардың үйіне тексеру жүргізу кезінде төрт баланың аш отырғанын анықтады. Ал олардың қамқоршысы мас болған. Тіпті үйдегі тоңызытқышта ешқандай азық-түлік жоқ. Тексеру кезінде әйелдің үйінде мүлде тамақ болмаған. Тек бос арақ пен сыра бөтелкелері табылыпты. 

“Аталған факті бойынша білім бөлімінің жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық органының бас маманы және Қаратал ауданы ювеналды полиция тобының аға инспекторы жетім балалардың қорғаншы үйінде тұрмыстық тексеру актісін жасады. Тексеру барысында қамқоршының мас күйде екені анықталды. Әйел аудандық ауруханаға жеткізілді.

Медициналық мекемеде ол медициналық куәландыру рәсімінен өтті. Науқастың орташа дәрежеде мас болғаны анықталды. Бүгін 09.06.2022 жылғы №243 бұйрық бойынша кәмелетке толмаған балалар Алматы облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, – деп хабарлайды өңірдің білім басқармасы.


Түркістан облысында полицей даяшы қызды соққыға жықты деп айыпталды


Айта кетсек, Алты жыл бұрын Қазақстанда отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған Жалпыұлттық жоспары бекітілгені белгілі. Осы құжатқа сәйкес, елімізде балалар үйлері жаппай жабыла бастады. Ал жетім балалар қамқоршыларға, патронаттық және асырап алатын отбасыларға бере бастады.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда облыста ата-анасыз қалған 2653 бала бар. Оның ішінде 2314 бала өзге отбасыларда тәрбиеленуде.  

 

Талқылау