Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында полицей даяшы қызды соққыға жықты деп айыпталды

Түркістан облысында полицей жанжалдың ортасында қалды. Ол даяшыны ұрды деп айыпталып отыр. Қыз ауыр жарақат алғанын және қазір қозғалуы қиын екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап. 

Эльвира Мамадалиева соңғы он жыл бойы Сайрам ауданында орналасқан палау орталығында жұмыс істегенін айтты. Қыздың айтуынша, 25 мамыр күні мекемеде жол полиция қызметкері өз достарымен бірге көңіл көтерген. Ішімдікке тойып алған олар бар жабылды деп айтқанға қарамастан тағы үш бөтелке сыра тапсырыс берген. 

Олар мас болды. Бар жабылып қалған еді. Сол себепті мен тапсырысты қабылдамайтынымды айттым. Осыдан соң олар шотты төлеместен тұрып кетті. Ал полиция қызметкері Нұрлан артымнан келіп, аяғымен теуіп жіберді”, – дейді ол. 

Соққының салдары ауыр болып шыққан. Сол себепті бойжеткен дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болыпты. Даяшы орталықтың иесі өз қызметкерін қолдаудың орнына келушінің жағына шығып отыр деп шағымын айтты. Ал полицияға мамыр айының соңында арыз жазған. 

“Полиция қызметкерінің жанында оның әріптесі болған. Ол бізге келіп, арызды қайтып алуымыз керек екенін айтты. Осыдан соң тіпті ақша ұсынды. Мен дереу 1424 нөміріне хабарласып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлеріне полицейдің ақша ұсынып жатқанын айттым. Облыстық агенттіктен келген, бірақ ақыр соңында олар жоғалып кетті. Менің ойымша, олар ауызжаласып отыр”, – жәбірленушінің әпкесі. 

Мекеменің әкімшісі жәбірленушінің сөзін бопсалау әрекеті деп отыр. Әйел ол күні кафеде шынымен де жанжалдың болғанын жоққа шығармайды. Бірақ ол төбелес Эльвира Мамадалиева мен кассирдің арасында болды деп отыр. Ал полиция қызметкері оларды ажыратпақ болыпты. Алайда Айдана Жансейітова видео-бақылау камераларын көрсетуден бас тартты. 


Бұрынғы күйеуінен қызғанған: Түркістан облысында жұбайы әйелін мылтықпен атып өлтірді


“Бұл оқиға болмастан бір күн бұрын төбелес болған. Бірақ ол күні мен ерте кетіп қалып, ештеңе көре алмадым. Бірақ келесі күні келенде бүкіл видео-бақылау камераларын қарап шықтым. Ол жерден Эльвираның соққы алғанын көрмедім”, – дейді ол. 

Полиция басқармасының орынбасары жағдайдан хабары бар болып шықты. Қоластындағы қызметкердің үстінен тексеру жүргізіліп жатқан көрінеді. 

“Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, жауапқа тартылатын болады. Біз арызданушының сұрақтарына жауап бердік. Қазір бәрі тексерілуде”, – дейді Сайрам ауданы полиция басқармасының орынбасары Әлке Сейітбеков. 

Жәбірленушінің туыстары полиция қызметкерінің жазалануы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтады. 

Талқылау