Зорлық құрбаны болған қыз іш киім брендін қалыптастырып, танымалдылыққа ие болды
Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен америкалық әйел өзінің іш киім брендін қалыптастырып, желіде танымал болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Калифорния тұрғыны Элла Фейрон 14 жасында жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтады.
"Екі бала мені ұрып-соғып, есірткі тұтынуға мәжбүрледі, ес-түссіз болған кезімде зорлады. Мен болған жағдайға қарамастан әділеттілікке қол жеткізе алмадым", – деді ол.
Айтуынша, 2020 жылы оның 24 жастағы досы Дейзи Коулман осындай зорлық іс-әрекеттерінің салдарынан көз жұмған.
Ару құрбысының өлімінен cоң ауыр қайғыны бастан кешеді. Осылайша аман қалудың жолын іздеген ол өзінің Assk First (Алдымен сұраңыз) брендін қалыптастыру мақсатында дизайн жасайды. Фэйронның "қол тигізбестен бұрын сұраңыз" және "нағыз жігіттер келісім сұрайды" деген жазулары бар іш киімдер алдымен азаматтардың серіктесінің жеке шекараларына назар аударуға арналған.
"Менде бұл туралы айтудан басқа амал жоқ еді. Әрине, іш киім зорлықшыны тоқтатпайды. Бірақ мен зорлаудың жалғыз түрі бар. Ол көше қуысында ғана болады деген стереотипті жойғым келеді. Егер бұл әрекетім біреуді сенімді сезінуге көмектессе, онда мен үшін бұл жасауға тұрарлық дүние болды деп санаймын", — деп атап өтті бизнесвумен.
Бір жыл ішінде Элла Фейрон мыңнан астам тапсырысты орындай алған.
Бизнесвумен өзінің бизнесі туралы пікірлердің көпшілігі оң болғанын айтады, дегенмен кейбір пайдаланушылар оның идеясын ақымақтық деп санайтын көрінеді.
"Көбінесе ер адамдар менің идеямды ақымақтық деп айтады. Менің іш киімім зорлықшыны ешқашан тоқтатпайтынын білемін. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Мысалы, сіз қатерлі ісік ауруы туралы футболка киіп жүрген адамға бұл қатерлі ісік ауруын емдемейді деп айтпайсыз ғой", — деп қорытындылады америкалық.