AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есірткі сатумен және сақтаумен айналысқан: Mad Men тобының мүшелеріне қатысты сот үкім шығарды

Алматыда Mad Men музыкалық тобының мүшелеріне қатысты сот шешімі шықты. Олар психотроптық заттар мен есірткілерді дайындағаны және сақтағаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Іс материалдарында 2020 жылдың қыркүйек айының басында Х. есімді азамат алты адамнан тұратын қылмыстық топ құрғаны айтылған.  Олардың барлығы мефедрон аналогын заңсыз жасау және гашишді сату мақсатында заңсыз сақтау бойынша кінәлі деп танылды. 

"Қылмыстық топтың басшысы Х. әрқайсына жұмыс бөліп берген. Ол мефедрон компонентін сатып алумен және клиенттермен келіссөз жүргізумен айналысқан. Басқалары Алматыдағы коттедждердің бірінде психотроптық затты дайындаған. Бағасы туралы ақпаратты арнайы сайттар мен чаттарда жариялап отырған. Қалғандары есірткілерді қаладағы қоғамдық орындарға жасырумен айналысқан", - деп хабарлады сотта. 

2021 жылдың 14 сәуірінде топ мүшелерінің бірі М. заңсыз жасалған мефедронды алып, Алматыдағы көшелердің біріне жасырған. Сол күні жасырылған заттар табылып, оны полиция тәркіледі. 

"20 сәуірде жоғарыда аталған коттедждің жертөлесін тінту барысында және үйлердің бірінің сарайынан аса ірі мөлшердегі психотроптық заттар, сондай-ақ оны дайындауға арналған жабдықтар мен компоненттер мен ірі мөлшердегі гашиш табылды және алынды.

Сонымен қатар, М-нің тұрғылықты жерін тінту барысында, атап айтқанда үйдің ауласында, тастардың астынан аса ірі көлемдегі екі түйір мефедрон табылды", - деп толықтырды сотта.

Сотта прокурор айыптауды қолдап, қылмыстық топтың басшысын 18 жылға, ал қалған қатысушыларды 17 жылдан 17,5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сот үкімімен Х. ұйымдасқан топ құру және оған жетекшілік ету, аса ірі көлемде өткізу мақсатында психотроптық заттың аналогын заңсыз дайындау, сақтау, есірткіні электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы ұйымдасқан топтың құрамымен сату мақсатында сақтау қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған қатысушылардың үшеуіне 16 жыл, тағы біріне 15 жыл, 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушылардың жастары мен бұрын соттылығы жоқтығы жеңілдік түрінде танылды. Сонымен қатар, сотталушы С-ның кінәсін ішінара мойындауы жеңілдететін мән-жай деп танылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр