Қазақстандық таэквондошы әлемдік рейтингте бірінші орынға жайғасты
Қазақстан таэквондодан тарихи жетістікке жетті. Қазақстандық таэквондошы Жансель Дениз жаңартылған әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай жетістік қазақстандық таэквондо тарихында алғаш рет болып отыр.
Әйелдер арасында 73 келіге дейінгі салмақта Дениз 139,81 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында ресейлік Полина Хан (107,94), үшінші орында оңтүстіккореялық Да Бин Ли (105,60) тұр. Рейтингтің алдыңғы нұсқасында Жансель Дениз төртінші орында болған.
Отандасымыздың спорт мансабындағы ең елеулі жетістіктері: 2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен Азия ойындарының күміс жүлдесін және 2017 жылы Тайбэйде (Тайвань) өткен жазғы Универсиаданың күміс жүлдесін ұтып алған болатын. Ол сондай-ақ халықаралық түрлі турнирдің чемпионы және жүлдегері.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған