AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадан эвакуация: Қазақстандықтар мінген автобус Польша шекарасын кесіп өтті

Ондаған қазақстандық жолаушы мінген автобус Польша шекарасын кесіп өтті. Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялап жатқаны түсірілген кадрлар желіде пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

"Қазіргі уақытта репатриация рейсінің жолаушылары Украинадан Польшаға қарай шекараны кесіп өтті, қалған жартысы әлі күту аймағында. Жақын арада олар да шекарадан сәтті өтіп, Катовицеге жеткізіледі деп үміттенеміз. Оларды "Эйр Астана" әуе компаниясының репатриациялық рейсі күтіп алады", – деді ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

"Корчева-Краковец" бақылау-өткізу бекетіндегі көп шақырымдық көлік кептелісіне байланысты азаматтарымызды отанына қайтару операциясы жылдам жүріп жатқан жоқ, бірақ дипломаттар отандастарымыздың елге аман-есен жетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Бір күн бұрын Катовице әуежайынан алғашқы рейс бүгін ұшып, Атырауға қонғаннан кейін Алматыға келеді деп хабарланған болатын. Дегенмен жағдай әр минут сайын өзгеріп отыр.

Біз сыртқы істер министрлігінен расталған ақпаратты алып отырамыз. Алдағы уақытта басқа да рейстер ұйымдастырылады. Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, эвакуацияға көмектесу үшін 500-ден астам өтініш түскен.


Путинге қарсы петиция жарияланды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр