"12 мың адам жинаған": Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресейге көмектесуге дайын екенін айтты
Шешенстанның қауіпсіздік күштері кез келген бұйрықты орындауға дайын деді республика басшысы Рамзан Қадыров. Ол Грозный орталығына аймақтық құқық қорғау органдарының 12 мыңға жуық жауынгерін жинаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біз жоғарғы бас қолбасшының шешімін толық қолдайтынымызды, кез келген бұйрықты орындайтынымызды, оған дайынбыз, дайындалдық, дайын екенімізді көрсету үшін тағы жиналдық. Шамамен 12 мың адам жиналды, ал тізім бойынша біздің мемлекетімізде өз еркімен соғысуға дайын 70 мың адам бар", – деді Қадыров.
Шешенстан басшысы, сондай-ақ еріктілер Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кез келген аумақта кез келген арнайы операцияға баруға дайын екенін айтты.
"Біздің қызметкерлер жоғарғы қолбасшының тапсырған тапсырмаларын орындайды", – деп түсіндірді ол.
24 ақпан күні таңертең Ресей президенті Владимир Путин Донбассты қорғау үшін арнайы әскери операция жүргізілетінін хабарлады.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украина президенті Владимир Зеленскийді ресейлік әріптесі Владимир Путинге тезірек телефон соғуға шақырды.
"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен қазіргі президент Зеленскийге кеңес бергім келеді. Украинаның экс-президенті болғанға дейін біздің президентке, жоғарғы бас қолбасшыға мүмкіндігінше тезірек телефон соғып кешірім сұрауы керек", – деді Қадыров.