Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан халқына" қорына он күн ішінде 42 млрд теңге түсті

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 16-25 қаңтар аралығында 42 миллиард теңгеден астам қаражат түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"2022 жылдың 16-25 қаңтары аралығында (қоса алғанда) қоғамдық қорға 65 703 қазақстандықтан 39,1 миллион теңге түсті. 130 заңды тұлға мен ірі бизнесмендер 42,1 миллиард теңге аударды", - делінген қор хабарламасында.

20-25 қаңтар аралығында "Қазақстан халқына" қоры арқылы қайырымдылыққа елеулі үлес қосқандар:

  • "KAZ MINERALS AKTOGAY" (ҚАЗ МИНЕРАЛЗ АҚТОҒАЙ) ЖШС - 6.2 млрд теңге;
  • "KAZ MINERALS BOZSHAKOL" (ҚАЗ МИНЕРАЛЗ БОЗШАКӨЛ) ЖШС - 6.2 млрд теңге;
  • "KAZAKHMYS SMELTING" (КАЗАХМЫС СМЭЛТИНГ) ЖШС - 5 млрд теңге;
  • "Востокцветмет" ЖШС – 3.1 млрд теңге;
  • "СӘБИ" Жеке қайырымдылық қоры  - 1 млрд теңге;
  • "Астана-Моторс" мотор компаниясы" ЖШС - 550 млн теңге;
  • "BI-DEVELOPMENT" ЖШС – 300 млн теңге;
  • "Сарыарқаавтопром" ЖШС– 250 млн теңге;
  • Ізбастин Мұхамед Теміртайұлы – 100 млн теңге;
  • "NAK Development" ЖШС - 100 млн теңге;
  • Махат Рашит Мұқарамұлы – 50 млн теңге.

Сондай-ақ бүгін Eurasian Resources Group қорға 30 миллиард теңге аударатыны белгілі болды.

Қор басшылығы барлық қаражаттың толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Қор орфандық және басқа да аурулары бар балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.

Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, меценаттар мен немқұрайлы емес азаматтар "Қазақстан халқына" қоры шотына мына деректемелердің бірі бойынша ақша аудара алады:

  • "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ;
  • "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, "Kaspi Bank" АҚ;
  • "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ0896503F0010863168 KZT, "ForteBank" АҚ;
  • "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ34821AGLBY10000001 KZT, "Bank RBK" АҚ;
  • "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ66998BTB0001436729 KZT, "First Heartland Jusan Bank" АҚ;
  • "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ078562203115118091 KZT, "Банк ЦентрКредит" АҚ;
  • "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ6594805KZT22034070 KZT, "Евразийский банк" АҚ.
Талқылау