AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәулігіне 600 жағдай тіркеледі: Жаңа жылда ұжымдық және шырша кештерін өткізуге рұқсат етіле ме?

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қалада жаңа жылда ұжымдық және шырша кештерін өткізуге рұқсат жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бекшиннің айтуынша, барлығы желтоқсан айындағы қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Қазір қала "сары" аймақта, аурудың төменгі сатысында тұр. Қалада күніне 100-200 жұқтыру оқиғасы тіркеліп, карантин шаралары сақталып тұр.

"Банкет өткізілетін нысанда адам саны 50 пайыздан аспауы керек. Барлығы корпоративтік кеш өткізілетін нысанның Ashyq тізімінде бар-жоғына және мекеменің жүйеде қандай деңгейде екеніне байланысты. Мысалы, егер қатысушы көшбасшылар қатарында болса, адам саны артады. Барлық іс-шаралар "сары" аймақтың шектеулерімен өтеді", - деді Бекшин.

Алматының бас санитар дәрігерінің айтуынша, ертеңгіліктер ұжымдық шараларға жататындықтан өткізуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин жаңа жылдық мерекелер кезіндегі эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады,

“Ревакцинация мерзімінің жақындап келе жатқанын көріп отырмыз.Егер екпе алу белсенділігі төмен болса, вирусты жұқтырғандар саны артуы ғажап емес. Ол тәулігіне 600 жағдайға дейін жетуі мүмкін. Мұның бәрі вакцинация мен біздің шектеу шараларын қалай сақтайтынымызға байланысты",– деді ол.

Оның айтуынша, желтоқсан айының соңына қарай күніне 600 жағдай - оптимистік сценарий.

"Пессимистік сценарий коронавирустың жаңа штамы пайда болған жағдайда ғана орындалуы мүмкін, өйткені аурудың кейінгі толқындары жаңа штамдардың пайда болуынан туындаған",-дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр