Энергетика министрі: АЭС туралы шешім әлі қабылданбады
Энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу туралы шешім әлі қабылданбағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол туралы министр Нұр-Сұлтанда өткен "Париж келісімінің мақсаттарына жету жолдары мен Қазақстанның көміртекті бейтараптығы" конференциясы аясында мәлімдеді.
"Жалпы алғанда, АЭС туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Зерттеулер жүргізілуде – коммерциялық, техникалық, қажеттілік жағын қарастырып жатырмыз”, – деді энергетика министрі.
Қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке және "Самұрық-Қазына" қорына Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды