Мұхаммед Пайғамбардың карикатурасын салған суретші қаза тапты
Мұхаммед Пайғамбардың карикатурасын жасаған швециялық Ларс Вилкс пен оның күзетшілері отырған автомобиль жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттіті РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Нәтижесінде жолаушылардың бәрі көз жұмған. Жол апаты жексенбіде күндіз Маркарид қаласына жақын маңдағы Е4 көшесінде болды.
Полиция оқиға қастандықпен жасалған болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Жол апатының қалай болғанын айта алмаймыз. Тергеу нәтижесін күту қажет", – деді полиция өкілі Рикард Лундквист.
2007 жылдың жазында Nerikes Allehanda басылымы Ларс Вилкс салған Мұхаммед Пайғамбар карикатурасын жариялағаннан кейін оны аты БАҚ-қа кеңінен таралды. Жұрттың ашуын тудырған бұл карикатурадан кейін Ларс Вилкске қарсы шабуыл артып, ол үнемі күзетпен жүрген.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар