Дәрігерлер ер адамның асқазанынан бір келіден астам шеге алды
Литвада Клайпеда университетінің ауруханасында дәрігерлер ер адамның асқазанынан бір келіден астам шегелерді, бұрандаларды және басқа бөгде заттарды алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам алкогольден бас тартқаннан кейін бір ай ішінде металл заттарды жұтып жүрген. Операция кезінде алынған заттардың кейбіреулерінің ұзындығы 10 см-ге дейін жететін көрінеді. Хирург Сарунас Дайлиденас мұны "ерекше жағдай" деп атады. Ота 3 сағатқа созылған.
Ауруханада түсірілген фотосуретте металл заттарға толы хирургиялық ыдыс көрсетілген. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауында.
Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтандағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының мамандары жақында жеті жасар қыздың асқазанынан 100-ден астам магнит алғаны айтылған еді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін