Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Маңғыстауда шаруалардың малдарына қалай картон беретінін көрсетті

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысында шаруалар малға тамақ ретінде қалай картон беріп жатқанын көрсетті. Сондай-ақ шаруалар үнемдеу үшін малдарына картонға кебек бен қалдық қосып береді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азамат Сәрсенбаев Facebook желісіндегі парақшасында Ақтаудан 350 шақырым жерде орналасқан Ақшымырау ауылынан суреттер жариялады. Ол жергілікті тұрғындардың малдардың жем-шөбіне картонды қалай қосып беретінін көрсеткен.    

Қуаңшылыққа байланысты қымбаттап кеткен шөпті үнемдеу үшін шаруалар картонды суға езіп, сосын еріген картонды кебекпен және қалдықтармен араластырып береді. 

Желі қолданушылары мұндай технология баяғыдан қолданылып келе жатқанын жазған. Жем-шөпке картон қосып беру жануарлардың ас қорыту жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне әсер етеді екен. 

Айта кетсек, маусымда Маңғыстау облысында әлеуметтік желілерде түйелер мен жылқылардың картон жеп тұрғаны түсірілген видео таралды. Видео авторының айтуынша, фермерлер қиын жағдайдан осылай шығуға мәжбүр. Ол өңірде жем-шөп тапшы екенін айтады. 

Артынша жануарлар дүниесі бойынша қазақстандық ғалым Нұрадин Әлібаев бұл дұрыс емес екенін және ол түйелерге зиян болуы мүмкін екенін айтқан еді. Ғалымның айтуынша, жануарлардың тамағында микроэлементтер балансы болуы керек, оларды бұлай асыраған дұрыс емес.  


Түйе жайлы қызықты деректер

Жылқылар туралы 11 қызықты дерек

Талқылау