AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қылқындырып өлтіремін": Алматыда ер адам келіншекті жұмысында пышақтап кеткен

"НеМолчи.kz" қоғамдық қоры әлеуметтік желідегі парақшасында жұмыс орнында қатігездікке ұшыраған алматылық әйелдің туыстарының үндеуін жариялады. Келіншек ер адаммен кездесуден бас тартқаны үшін оған бірнеше пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

Әйелдің туыстарының айтуынша, үш ай тексерістен кейін “адам өлтіруге оқталу” ісі жабылып, кінәлі “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша ғана жауапкершілікке тарталатыны белгілі болған.

"НеМолчи.kz" қоғамдық қорының Facebook парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, алматылық әйелдің оқиғасы 2020 жылдың соңында болған.

Жігіт алты ай бойы келіншектің соңынан қалмаған. Әйелдің онымен кездесуден бас тартқанына қарамастан, агрессивті түрде оның тұратын жері мен жұмыс істейтін жеріне барып жүрген. Оны қорқытып, анасы мен кішкентай ұлын өлтіретінін айтқан.

Үнемі қорқынышта өмір сүруден шаршаған әйел полицияға жүгініп, қорғау нұсқамасын алған. Алайда “ғашық” жігітті бұл жағдай да тоқтатпапты. 

Б.А. қорғау нұсқамасын елемей, 2021 жылдың 8 сәуірінде сағат 13:30 шамасында үйіндегі ас үй пышағымен қаруланып, әйелдің жұмыс орнына келеді.Оны дәлізде күтіп, мәжбүрлі түрде қосалқы бөлмеге алып келіп екі қолымен мойнынан қылқындырады. Кейіннен ас үй пышағын қолына алып “қылқындырып өлтіремін”, “көзіңді құртамын” деген сөздер айтып, мойны мен кеуде аймағына сұға бастаған.

Келіншек шабуылдаған ер адамға белсенді қарсылық көрсетіп, қолын кесіп алғанына қарамастан пышақты басқа жаққа лақтырған. 

Қыздың қатты айғайын естіген әріптестері есікті сындырып, жәбірленушіні босатуды талап еткен. Нәтижесінде шабуылдаушы кетуге мәжбүр болады.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, сол кезде қызды әріптестері ғана өлімнен құтқарып қалды. 

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің мойын, кеуде және қолдарына пышақ жарақаттары салынған.

“Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, бірінші кезекте – күдіктінің іс-әрекеті және дене жарақаттарының сипаты біздің қарындасымызды өлтіруге бағытталған деп санаймыз. Алайда бұл іс аяғына дейін жеткізілмеді", – деп жазады жәбірленушінің туыстары.

Қыздың туыстары хабарлағандай, шабуыл фактісі бойынша полицейлер "адам өлтіру" және "қылмысқа оқталу" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Алайда, кейінірек анықталғандай, Алматы қаласы Бостандық ауданы полиция басқармасы тергеу бөлімінде сотқа дейінгі тергеуді тоқтатқан. “Адам өлтіруге оқталу” қылмыстық ісі әкімшілік “ұсақ бұзақылық” ісіне ауыстырылған.

Жәбірленушінің туыстары аудандық прокуратураға шағымданғанын айтады. Тіпті прокурордың жеке қабылдауында болған. Мұнда олар істің ауыстырылғанының ақылға қонымсыз екенін айтып, полиция қызметкерлерінің әрекетіне шағым түсірген. Алайда бір тәуліктен кейін прокуратурадан олардың шағымдарын қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы келеді. Енді жәбірленушінің өкілдері күдіктінің үстінен іс қозғамай, жауапкершіліктен қашып жатқандарына сенімді болып отыр.

“Мен Б.А.-ның Алматы қалалық азаматтық істер жөніндегі сот алқасындағы судьямен туыстық қарым-қатынасы бар екенін байқап жүрмін. Өйткені бұған дейін ол қорқытатын хаттар жіберіп, Алматы қаласының прокуратурасымен туыстық байланысы барын айтқан болатын. Бұл сөзге дәлелді істің қылмыстық баптан ұсақ бұзақылыққа жылдам ауыстырылғанынан білуге болады. Егер әкімшілік сот өтетін болса, оның қылмыстық баптар бойынша жауап бермейтінін жақсы түсініп тұрмын", – деп қорытындылады жәбірленушінің туысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр