Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісін иеленді
Қазақстандық жеңіл салмақ дәрежелі UFC спортшысы Жалғас Жұмағұлов алғашқы қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Лас-Вегаста өткен UFC 264-те 32 жастағы Arlan MMA Pro Team өкілі Жалғас Жұмағұлов өзінің америкалық қарсыласы Джером Ривераны сұлатты.
Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған, алайда Жұмағұлов қарсыласын бірінші раундта жеңді. Осылайша, Жалғас Жұмағұлов үшін бұл жеңіс кәсіпқой мансабындағы он төртінші және UFC-дегі алғашқы жеңісі болды. Бұған дейін ол алдыңғы екі жекпе-жегіндегі промоушенде Раулиан Пайведен (20-3) және швед Амир Албазиден (14-1) жеңілген еді.
Бұл Джером Ривераның мансабындағы алтыншы, ал UFC-де үшінші жеңілісі болды. Ол промоушен кезінде барлық үш жекпе-жектен жеңіліс тапты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды