"Уақыты келгенде лайықты адамды атаймын": Путин биліктен қашан кететіні туралы
Ресей президенті Владимир Путин бір кездері Ресейді лайықты басқара алатын мұрагерінің атын атай алатынына үміттенетінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әрине, уақыты келгенде мен осындай адам немесе мына адам біздің отанымыз, Ресей сияқты керемет елді басқаруға лайық деп айта аламын деп үміттенемін", – деді ол.
Сонымен бірге Ресей басшысы өзінен кейін болатын президентке ақыл-кеңесін айтып, дұрыс жол сілтеу жауапкершілігі екенін айтты.
"Сол адамдарға немесе елді басқара алатын адамға келетін болсақ: бір жағынан, айтып жатады: қасиетті орын бос болмайды, орын алмастыратын адамдар жоқ деп. Екінші жағынан, әрине, менің міндетім – президент лауазымына үміткер адамдарға кеңес беру", – деді Путин.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
