Шатырлар құлап кеткен: Шымкентте болған қатты желден 5 жасар бала зардап шекті
Шымкентте қатты жел болып бірнеше ғимаратттың шатыры ұшып кеткен. Салдарынан 5 жасар бала жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкентте желдің жылдамдығы секундына 26 метрге жетті. Нәтижесінде үш коммерциялық нысанның, бес көпқабатты тұрғын үйдің, екі білім беру нысанының шатыры құлап кетті. Шатырлар автомобильдер мен ғимараттардың үстіне құлаған.
Шатырлар 3 мың шаршы метрден астам ғимараттың шатырын және алты автокөлікке зиян келтірді. Сондай-ақ, 2016 жылы туылған бала жарақат алды, оның қандай жарақат алғаны туралы айтылмайды.
Нұрсәт шағынауданындағы Сайрам, Қызыл су, Өтеміс, Шапырашты және Исфиджаб тұрғын аудандарының тұрғындары жарықсыз қалды.
Төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды, тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған