AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да қаптаған шегірткелер тұрғындарды шошытты (видео)

Әлеуметтік желіде қаптаған шегірткенің видеосы тарады. Бейнежазбада жәндіктер жеке ғимараттың жанында көлеңкеде жасырынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдинов видео Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылдық округінің Шора пунктінде түсірілгенін түсіндірді.

"Видеоға қаптаған шегірткелерді түсіріп алған. Неге екені белгісіз, олар көлеңкеде жасырынып жүр. Бұл шегірткенің кішкентай балалары, яғни, жаңадан туылған шегірткелер. Олар әлі ұша алмайды. Біздің мамандар оқиға орнына барып, барлығын тексерді. Жәндіктер жойылады", - деді Лавр Хайретдинов.



Оның сөзінше, қазіргі таңда аймақта шегірткелерді жоюға қатысты мәселе жоқ. Барлығы инспекцияның бақылауында. 

"Шегірткенің жасы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді, біз оны 3-ші сатыда уландырамыз, шегіртке 5-ші сатыда ұша бастайды. Аймақта шегірткелер мен оларды жою проблемалары жоқ екенін атап өткім келеді", - деп сендірді Лавр Хайретдиновке.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр