Қазақстанда коронавируспен күреске тағы 265 миллиард теңге бөлінеді
2021 жылға арналған республикалық бюджет бекітілді. Коронавируспен күрес жөніндегі іс-шараларға 265 миллиард теңге жұмсау жоспарлануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет жобасына Үкімет отырысында дауыс берілді.
Қаржы министрі Ерулан Жамаубаевтың айтуынша, басымдық пандемиямен күрес жөніндегі шаралар мен бұған дейін қабылданған міндеттемелер болды.
"Эпидемияға қарсы іс-шараларға қосымша 265 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде:
- карантин шараларын жүргізуге жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге - 70 миллиард теңге;
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет ақысына - 80 миллиард теңге", - деді қаржы министрі.
Сондай-ақ, министр бюджет шығыны 1,3 триллион теңгегі көбейтілді, қазір 15,3 триллион теңге болып отырғанын айтты.
Бюджет шығыстары 279 миллиард теңге қосымша қаражат есебінен көбейтілді, Ұлттық қордан 850 миллиард теңге сомасында нысаналы трансферт тарту есебінен ұлғайтылды. Бұдан басқа, бюджетті президент бастамаларына бөлу жүзеге асырылды.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты
Кейіпкердің 15 миллион теңге берешегі болған
Көкжайлаудағы тау шаңғысы курорты Шымбұлақтан 3 есе үлкен болады: Қоғам белсенділері жобаны неге сынға алып жатыр?
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев