Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сал ауруына шалдыққан бала дөңгелек жөндейтін жерде тұрады: Нұр-Сұлтан әкімдігі мәселені түсіндірді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі сал ауруына шалдыққан ұлымен бірге дөңгелек жөндеу орталығында өмір сүріп жатқан Вячеслав Дружининнің мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімдіктегілер Вячеслав Дружининнің ұлы барлық қажетті медициналық көмекті алып жатқанын және ары қарай да медициналық көмек алуды жалғастыратынын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта бала 1-көпсалалы қалалық балалар ауруханасында емделіп жатыр. Шығарылғаннан кейін медициналық көрсеткіштер бойынша ерекше қажеттіліктері бар баланың қай реабилитациялық орталықта емделетіні анықталады", - деп хабарлады әкімдік.

Әкімдіктің хабарлауынша, баланың әкесі ай сайын жәрдемақы түрінде 125 мың теңге алады.

"Қазіргі таңда қала әкімдігі балаға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетіп жатыр. Тұрғын үй мәселесі тек заңмен шешіледі", - деп толықтырды департамент.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Вячеслав Дружинин көмек сұраған. Ол әйелі қайтыс болғаннан кейін дөңгелек жөндейтін орында сал ауруымен ауыратын 4 жасар баламен бірге тұратындығын айтты.

Қазақстандықтар бұл мәселеге бей-жай қарамай, Вячеславқа 600 мың теңге көлеміндегі қаржы жинап берді.

Талқылау