Алматыдағы жолдың ортасында шахмат ойнағандар қамауға алынды
Алматыда жолдың ортасында шахмат ойнаған ер адамдар қамауға алынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрын хабарланғандай, шахмат ойнаған жастар жол ережесін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "Шахмет турнирінің" үш қатысушысының үстінен 5 хаттама жасалды. Іс сотқа жіберілген болатын.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Р.Хасанов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, А.Цейферд мырза 10 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар, сот шешімімен аталған құқық бұзушылардың 3 ай бойы мінез-құлығы бақыланады", - дейді полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыдағы негізгі көшелердің бірінде көлікті тоқтатып қойып шахмат ойнағандары туралы жазған болатынбыз.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған