Түркістан облысында құдалар келінді тонап кеткен
Түркістан облысында ерлі-зайыптылардың арасында кикілжіңнің арты арызбен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Түркістандық әйел күйеуге шығып, артынша бір апта өткен соң ажырасып кетеді. Алайда қыз алған жақ қалың малды қайтаруды талап етеді, бұған ажырасып кеткен келіншек жоқ деп жауап берген сыңайлы. Ашуланған тарап келіншектің құлағынан алтынды шешіп алып, байлауда тұрған бұзауды айдап әкетіпті.
Өз кезегінде әйел полицияға шағымданған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тартып алынған мүлік кері қайтарылыпты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды