Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында аурухана өртеніп кетті

Қостанай облысында аудандық аурухананың шатыры жанып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өрт

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады

"9 қарашада сағат 18.28-де Қостанай облысының өртке қарсы қызмет пультіне  Федоров аудандық аурухана ғимаратының шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына төрт минуттан кейін 18:32-де келді. Өрт сөндірушілер келген кезде қызыл жалын 300 шаршы метр алаңда шатырлы үй-жай мен лифт шахтасын шарпып үлгерген болатын", -делінген ресми хабарламада. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, аурухана ғимаратында болған 50 адам шұғыл түрде эвакуацияланды. Жансақтау бөлімінен 4 науқас құтқарылды.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Федоров ауданы № 7 ӨСБ жеке құрамынан 12 адам және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Суды үздіксіз беру үшін аурухана аумағында орналасқан өрт гидранты және су қоймасы пайдаланылуда.

Өрт орнына қосымша   Қостанай облысы ТЖД жақын бөлімшелерінің күштері мен құралдары жіберілді, атап айтқанда, жеке құрамнан 25 адам мен  7 бірлік техника.

Абырой болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Талқылау