Дәрігер иммунитетті суық пен вирустан қорғайтын өнімді атады
Суық мезгілде әсіресе вирустардан қорғау және иммунитетті күшейту маңызды. Жануарлардың майларын пайдалану күзгі маусымда денеге көмектесе алады, деді терапевт және гастроэнтеролог Никита Харлов, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маман майлардың иммунитетті күшейтуге көмектесетіндігін атап өтті. Өйткені майлардан шырышты қабық пайда болады, бұл инфекцияға қарсы тұрушы басты құрал болып табылады.
"Қаз, сиыр, шошқа майын, тіпті аю мен құндыз майын жеуге болады. Қайсысын тапсаңыз, соны тұтыныңыз", - деді Харлов.
Дәрігер жануарлардың майлары ең пайдалы, содан кейін балықтарда кездесетін Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары да пайдалы екенін атап өтті. Одан кейін өсімдік майлары, зәйтүн, күнбағыс майларына адам ағзасы аз бейімделген. Ең зиянды - транс майлар.
Алайда Харлов майды мөлшерден тыс қолдануға болмайтынын айтты.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі