Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анаңды өлтіремін деді": Өгей әкесі қызын жеті жасынан бастап зорлап келген

Өгей әкесі қызын жеті жасынан бастап зорлаған. Мұндай жантүршігерлік оқиғаны зәбір көрген қыздың анасы айтып берді. Қызы бұл туралы 10 жыл бойы жасырып келген. Келіншек бірден полицияға шағым түсіріп, биыл қаңтар айында сот өтті. Күдіктінің кінәсі жан-жақты дәлелденгенімен, алқа билер айыпталушыны кәмелет жасына толмаған баланы зорлау бабы бойынша ақтаған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

14 ер адам бір қызды жабылып зорлаған: Іс қайта қозғалды

Бойжеткен басынан өткерген сұмдық оқиғаны әлі күнге үреймен еске алады. Өгей әкесі оған көз алартқан кезде әлі мектепке де бармапты. Балалықпен мән бермегенімен, өсе келе өмірі тозаққа айналғанын жеткізді.

"Ол маған тиісуді бастаған кезде мен мектепке де бармаған болатынмын. Нақты есімде жоқ, 12 ме әлде 14 пе жасымда ол мені зорлады. Бұл туралы үйде ешкім білмейтін. Себебі анамды, балаларды ұрып-соғатындықтан айтуға қорықтым. Біреу білетін болса, анаңды өлтіремін деді. Жасым 18-ге келгенде мен шыдай алмай барлығын айтып бердім, өмір сүргім келмеді", - дейді жәбірленуші Жанна.

Сотта күдіктіге Қылмыстық кодекстің 5 бірдей бабы бойынша айып тағылыпты. Сексуалдық әрекет, зорлау баптарымен бірге жеңгетайлық, заңсыз қару ұстау және сақтау баптары бойынша айыпталған.  Алайда істі қараған алқа билер зорлау мен зорлық әрекетттер болмаған деп шешіпті.

"Тергеуші тергеу амалдарын жоғары деңгейде жүргізді. Дәлелдер жеткілікті, барлық сараптамалар жүргізілді. Сот-криминалистикалық, психологиялық-психиатриялық, кешенді сараптамалар бойынша қыздың барлығын ойдан шығармай шындықты айтқаны дәлелденді. Бірақ біз сот шешіміне таңырқап отырмыз", - дейді Алматы Мұхамеджанов, "Не молчи" қоғамдық қорының жетекшісі. 

Мемлекеттік айыптаушы күдіктіні 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда, алқа билер мерзімін 3,5 есе қысқартып, алты жарым жылға бас бостандығынан айырыпты.

"Мен Бас прокурордан бұл істі қайта қарауды сұраймын. Мен бұған былай қарай алмаймын. Маған қазір жан-жақтан туыстары мен інісі қысым көрсетуде. Ол да өгей баласын зорлады деп айыпталуда. Маған көмектесіңізші өтінем!", - деді Әсел. 

«Не молчи» қорының өкілдері сотталған адамның інісі де "Зорлау" бабы бойынша қыркүйекте іс қозғалғанымен, әлі жауапқа тартылмағанын жеткізді. Гүлсімнің айтуынша, оның қызына өгей әкесі жеті жасынан зорлық көрсетіп келіпті. Бұл туралы келіншек тек биыл ғана біліпті.
"Қызымның барлық арманын күл-талқан етті. Тұрмысқа шыққысы келмейді, ешқашан баласы болғанын да қаламайды. Бірнеше мәрте өз-өзіне қол салмақ болыпты. Мен естіген бойда бірден шағым түсірдім", - дейді жәбірленуші анасы.

Ал заңгерлер сот шешімі дұрыс емес екенін айтады. Алқа билер арқылы мерзімі азайтылуы мүмкін екенін жасырмайды. Сондықтан апеляциялық шағым түсірумен бірге прокуратура тарапынан да наразылық білдіруі тиіс деп есептейді.
"Бұлар көшеден келгендер, бұлар заңды білмейді. Бұлар эмоцияға берілетін адамдар. Менің ойымша, соттар не істеп жатыр. Соттар ақтаудың мақсатымен, өзінің жазасын төмендету мақсатында осы алқа билерді пайдаланып отыр. Формально дейді. Былайша қарағанда бәрі дұрыс сияқты, заңды сияқты. Ал негізінде балалардың құқығы бұзылып жатыр", - дейді адвокат Айман Омарова.

 

Талқылау