Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өрттің өршуін тудырады: Министр елордадағы тұрғын үйлердің қауіпті екенін айтты

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының сапасын сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Құрылыс кезінде объектілер арасындағы белгіленген саңылаулар сақталмайды, өртке қарсы техниканың өтуіне арналған кіреберістер ескерілмейді, бұл өрттің үлкен аумақта өршу қаупін тудырады. Мысалы, екі жыл ішінде Тараз қаласының тұрғыны үйі мен сауда орталығындағы олқылықтар туралы бізге бірнеше рет хабарласты", - деді министр үкімет отырысында.

Ол биыл 100-ден астам осындай өтініш түскенін атап өтті.

"Құрылыс кезінде жобадан ауытқуға жиі жол беріледі, нәтижесінде нысандар жөнделмей ары қарай жұмыс істейді. Мысалы, Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешені, жоба бойынша бес қабатты болуы керек. Алайда 10 қабат болып салынған. Қосшығұлы көшесіндегі тұрғын үйлерде баспалдақ жоқ. Жалпы алғанда, Қазақстанда 263 объект өрескел бұзушылықтармен жұмыс істейді. Ақпарат лицензияны қайтарып алғанға дейін тиісті шаралар қолдану үшін GASK уәкілетті органдарына жіберілді", - деп қосты ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр