Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарттар күніне орай 200 мыңнан астам қазақстандық біржолғы төлем алады

216 мыңнан астам қазақстандық зейнеткер қарттар күніне орай біржолғы материалдық көмек алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қарттар күні аясында Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 216,7 мың адамды қамти отырып, 2,3 миллиард теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетіледі", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

Сондай-ақ, 1 қазанда Қазақстанда қарттар күніне арналған айлық шара басталады. Аға буын өкілдеріне қамқорлық жасауға арналған іс-шаралар республиканың барлық аймақтарында өтеді.

Министрлік 2020 жылы қарт азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі нысандарына зейнетақы төлемдерін есептемегенде 32 миллиард 670 миллион теңгеден астам қаражат бөлінгенін нақтылады.

1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында (1990 жылғы 14 желтоқсандағы № А/RES/45/106 қарары) Халықаралық қарттар күні деп жарияланды. Республикада жалпы екі миллионнан астам зейнеткер тұрады.

Талқылау