Алматыдан 155 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда жер сілкінісін тіркелгені туралы мәлім етті, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жер асты дүмпулері 7.34-те сейсмология институты мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялары желісімен тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 155 шақырым жердегі Қырғызстан аумағында орналасқан.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,5. Магнитудасы - 3,9, тереңдігі - 15 шақырым", - делінген хабарламада.
Қазақстанда жер сілкінісінің байқалғаны туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, 6 маусымда Алматы облысында магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі болды. Алматы облысының Талдықорған, Текелі, Қарабұлақ тұрғындары жер сілкінісін 4 балл, Қапалда 2-3 балл, Алматыда 2 балл шамасында сезілді.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген