Алматыда "Халық Аренадағы" госпитальға ауыз суы қажет: Қала тұрғындары бұл мәселені бірден шешті
Алматыда "Халық Аренада" ашылған госпитальда ауыз суы жетіспей жатыр. Бұл туралы балалар омбудсмені, "Жанжылуы" қайырымдылық қорының жетекшісі Аружан Саин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматыдағы жаңа госпитальда коронавирус жұқтырған науқастарға ауыз суы жетіспей жатыр. Әкімдік жағдайды реттемейінше 5000 литр су қажет", - деп жазыпты Аружан Саин.
Мұны естіген мейірімді жандар қолдарынан келгенше госпитальға су тасуға кіріскен.
Айта кетейік "Халық Аренада" науқастарға арналған 1000 төсек-орын бар көрінеді.
Өз кезегінде Аружан Саин көмектескен барша жанға алғыс білдірді.
"Барлықтарыңызға алғысым шексіз. Менің жазбамды оқи салып азаматтардан қоңыраулар келіп жатты. Жағдай шешілді, баршаңызға рахмет! Құдай сіздерге және сіздердің жақындарыңызға денсаулық берсін! Аман болыңыздар!" - деп жазыпты қоғам қайраткері.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған