6-уы ғана жерленген: Коронавирустан көз жұмған 4 адамның мәйіті қайда? Алматы әкімі жауап берді
Алматы іргесіндегі коронавирустан қайтыс болғандар жерленетін арнайы зираттағы қабір санынының ресми мәліметпен сәйкес келмейтіні бұл туралы хабарланған еді. Бұған Алматы әкімі жауап берді.

Бұл туралы "Сөздің шыны керек" бағдарламасында айтылды.
Бақытжан Сағынтаев аталған мәселеге қатысты жауабын айтты.
"Шешім қабылдаған кезде арнайы дәрігерлік комиссия бар. Әрбір қайтыс болған азаматтан қайтадан анализ алынады. Егер талдаудан инфекция шықса, онда адам коронавирус алгоритміне сәйкес арнайы зиратқа жерленеді. Себебі мәйітте инфекция бар деген сөз", - деді Сағынтаев.
Ал, не себепті 12 қабір алдын ала қазылып қойылған? Ресми мәлімет бойынша, қайтыс болған 10 адамның алтауы сол зиратқа жерленген. Ал, қалған 4-уінің мәйіті қайда? Оған жауап ала алмадық. Бұл мәселені 8 күн көтердік. Әлі жауап жоқ. Жауап алғанда хабарлаймыз.
Бұған дейін зиратта коронавирустан қайтыс болғандардың қабірі 3 есе көп екенін хабарлаған едік.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі