Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен 7 баланың анасы мас күйінде табылды

Алматыда із-түссіз жоғалған 7 баланың анасы табылды. Әйелді бірнеше күн бойы туыстары мен достары іздеп келген еді. Олар көп балалы ананың қаладағы бақылау-өткізу пункттерінің бірінде із-түссіз жоғалып кетті деп мәлімдеген. 

Алматыда жоғалып кеткен 7 баланың анасы мас күйінде табылды

Бүгін әйелдің құрбысымен бірге болғандығы белгілі болды. 35 жастағы Мәриям 11 сәуірде жоғалып кеткенін білген жақындары полицияға оның 7 сәуірден бері туыстарымен байланысқа түспегенін айтқан.

Содан кейін әйел жатақханадағы жұмысын аяқтағаннан кейін Алматыдан кетуге тырысқаны белгілі болды, бірақ оған бақылау-өткізу пунктінен өту рұқсат етілмеген. Кешкі сағат 16 шамасында әйел қаладан шыға алмай, Алматыға оралды. Содан бері ол туралы хабар болмады.Туыстары оны үйінде жеті баласы күтіп отырғанын атап өтті.

35 жастағы Мәриям бұл күндері құрбысымен бірге болған, деп жазады Polisia.kz.

Әйел Қарасай ауданындағы Көксай ауылынан табылды. Полицияның мәлімдеуінше, табылған уақытта әйел мас күйде болған. Ол телефоны сынып қалғандықтан жақындарының қоңырауларын жауап бермегенін айтты.

Полициядағылар мұндай мінез-құлық адамның жауапсыздығын көрсететінін хабарлады.

«Бүкіл қоғам оған жанашырлық танытып, жақсы хабар күтіп отырғанда анасы 7 баласын тастап, құрбысымен ішімдік ішіп жүр», - деп хабарлады Алматы полициясы. 

Талқылау