Ақтөбеде той жасаған мейрамхана иесі жауапкершілікке тартылды
Ақтөбеде төтенше жағдай режимін сақтамай, салтанатты шара өткізген мейрамхана иесі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция 21 наурыз күні мейрамханада салтанатты шара өткізгендерді анықтады. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді. Төтенше жағдай режимі енгізілген күннен бері өңірде 15 дерек тіркелді.
Бәрі де көңіл көтеру және компьютерлік клуб. Олар жауапкершілікке тартылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды