Алматы облысында коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам Алматы облысында тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстанда 21 наурыздағы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Талдықорған қаласында тіркелді", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Бірақ кейіннен денсаулық сақтау министрлігі коронавирус ауруы Талдықорған қаласында емес, Алматы облысының Қарасай ауданында тіркелгенін хабарлап, ақпаратты өзгертті
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Талдықорған қаласында - 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты