Қордайдағы жағдай: Жамбыл облыстық ПД-нің экс-басшысы мәлімдеме жасады
Жамбыл облысының бұрынғы ПД бастығы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Мен еліміздің көптеген облыстарында жұмыс істедім және олардың әрқайсысына бар жаныммен уайымдап, өркендеуі үшін үлесімді қосуға, өзімнің пайдамды тигізуге тырыстым.
10 ақпан күні Қордай облысындағы тәртіпсіздіктерден кейін орнын босатқан Жамбыл облысының бұрынғы ПД бастығы Арман Оразалиев облыс тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қызмет барысында оған қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді.
«Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! Бүгін сіздермен қоштаса отырып, қызмет барысында көрсеткен қолдауларыңыз үшін баршаңызға зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл, ең алдымен – белсенді азаматтар, полиция қызметкерлері, менің жақындарым. Сіздерге қай кезде де сенім артуға болатын.Жамбылдықтардың бойынан дәл осы қасиеттерді жоғары бағалайтынымды шын жүректен мойындаймын. Мен еліміздің көптеген облыстарында жұмыс істедім және олардың әрқайсысына бар жаныммен уайымдап, өркендеуі үшін үлесімді қосуға, өзімнің пайдамды тигізуге тырыстым.
Құрметті менің достарым, осындай жылылық ұялаған аймақта жұмыс істеген кезеңдерімді әрқашан есте сақтайтын боламын. Жамбыл облысының ең мықты, үздік және әрдайым алдыңғы қатарда болуына тілектеспін. Баршаңызға бейбітшілік, тыныштық, ертеңгі күнге сенімділік тілеймін», - деп Оразалиев өзінің Facebook парақшасында жазба қалдырыпты.
Қорытындылай келе бәріне тыныштық, бейбітшілік және ертеңгі күнге деген сенімділікті тіледі.