Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде өз қызын зорлаған ер адам сотталды

Бүгін Ақтөбеде өз қызын зорлады деп айыпталған ер адамға үкім шықты. Ол 19 жылға сотталды.

Ақтөбеде өз қызын зорлаған ер адам сотталды

«Сот оны қатаң қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесінде 19 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сотталушыдан моральдық зиян ретінде 5 миллион теңге өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деді Ақтөбедегі арнайы қылмыстық сот.

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі сот үкімі туралы Facebook-тегі «Не молчи» қорының парақшасында да айтты.

Ол желіде зорлау туралы ақпарат пайда болғаннан кейін, жәбірленушінің отбасы аты-жөнін, мектебі мен тұрғылықты жерін өзгертуге мәжбүр болғанын жазды. Мұның бәрі баланың анасының мойнына түсті.

Дина істі соңына дейін жеткізіп, кінәлілерді жазалайтын ата-ананың батылдығына тәнті болды. Судьяларға бірауыздан қабылдаған шешімдері үшін алғысын білдірді.

Еске салсақ, бұл сұмдық жағдай былтыр Ақтөбеде болған. Полиция сол кезде байқағандай, 36 жастағы жергілікті тұрғын үйге келіп, өз қызын қорлап, қашып кеткен. Ол іздеу жарияландыы.

Талқылау