Головкин келесі жекпе-жегіне қызу дайындықты бастап кетті
IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне қызу дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
GGG-нің рингке оралуы осы жылдың көктемінде күтілуде. Алғашында 8 ақпанда жоспарланып, кейіннен сол айдың 29-на белгіленген боксшының жекпе-жегі ең ақыры наурықдың 28-не барып аяқ тіреген. Дегенмен мұны өзі нақты емес көрінеді. Соңғы ақпараттарға сәйкес сайыс сәуір не мамыр айына шегерілуі де мүмкін.
Головкиннің қарсыласы ретінде польшалық Камил Шереметті айтып жатқан сияқты. Олардың күш сынасуын бокстың халықаралық федерациясы IBF бекіткен.
Головкин 5 қазан күні Нью-Йоркте иеленген IBF титулын қорғайтын болады. Ол бұл мәртебеге украиндық Сергей Деревянченко жеңгеннен кейін ие болыпты.
Бұған дейін Головкиннің осы шайқасы үшін түскен жекпе-жегі 2019 жылдың ең үздігі атағын алғаны айтылған еді.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"