Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сені жеткізіп салайын ба?": Тәуекелдің қалыңдығы екеуі қалай танысқандығын айтып берді

Тәуекел Мүслімнің жары Махаббат Түктібаева актермен бірге түскен суретін жариялап, олардың алғашқы кездесулері туралы айтып берді. Сөзінше, олардың танысқандарына бір жыл болмапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: Махаббаттың Instagram парақшасынан

Махаббат Алматыға 2019 жылдың ақпан айында ақша табу үшін көшіп келіпті. Бұрындағы модель мектебінде оқып, "Қарағанды аруында" 2 орынды иеленген ол қалада өтіп жатқан кастингтарда бақ сынамақшы болыпты. Ақырында Махаббатты қосымшаға арналған жарнамаға түсуге шақырыпты. 

"Белгіленген күні мен түсірілімге келдім. Кішкене қобалжыдым, себебі менің тәжірибемде бұл алғаш рет болған еді. Шақырылған жерге келген соң мен ұйымдастырушылармен таныстым. Бейнероликтің сценарийі бойынша 3 қыз түсірілімге қатысты. Біздің әрқайсымызды жеке-жеке түсірді. Содан кейін Тәуекел келді. Бізді тез-тез таныстыра салып, бірге түсетін сахналарға дайындала бастадық. Олар өте қысқа болғандықтан жылдам бітіріп қойдық. Түсірілім аяқталған соң менің қолым босаған еді. Киімімді ауыстырып, далаға шықтым. Сөйткен кезде ұялы телефонымның қуаты таусылып қалды. Мен қуаттаушы құралды ресепшннан сұраған едім, бірақ таба алмадым. Маған телефоным қатты керек еді, себебі мен әлі қалаға үйренбеген едім", - деді Махаббат. 


Тағы оқыңыз

"Сұлулық салонында жұмыс істеп, маникюр жасаумен айналысамын": Тәуекелдің қалыңдығы өзі жайлы айтып берді


Ұйымдастырушылар жарнамаға түскен қыздарға барлығы аяқталған соң оларды үйлеріне жеткізіп тастайтындықтарын айтыпты. Күтіп отырған Махаббатқа ұйымдастырушылардың бірі келіп, оның телефон нөмірін Тәуекелге беруге болады ма деген сұрақты естіген ол әлгі кісі қалжыңдап тұр ма деп ойлап қалыпты. 

"Мен орындықта күтіп, жан-жағыма көз салып отырғанымда, "сені жеткізіп салайын ба?" деген дауысты естідім. Артыма қарасам Тәуекел тұр. "Егер жолыңыз түсіп жатса болады", -дедім. Ол мені қайда алып баратынын білмей жатып, келісе салды. Сөйтсе оның баратын жері менің үй жағымда болып шықты, сөйтіп бәрі басталып кетті", - деп қосты Махаббат. 

Бұған дейін Тәуекел Мүслімнің үйленгені жайлы айтылған еді.

Талқылау