Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меккеден пайғамбардың екі ұрпағы келді: 100 рет қажылыққа барған қазақстандық азамат ұлан-асыр той жасады

Алматыда бұрын көз көріп, құлақ естімеген той болды. Амангелді Еренғайып деген азамат қажылыққа 100 рет барғанын ұлан-асыр думанды той қылып атап өтті. Қонақтардың алды Мысыр, Сауд Арабиясы, Палестинадан келген. Тіпті, араларында Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағы саналатын екі азамат бар. 46 жастағы қажы бұл әрекетіне дін ғалымдары рұқсат берді дейді.

Қазақстандағы жалғыз ақсұңқар құсты қолға қондырып, думанды салтанатқа кіріп келген той иесі Амангелді Еренғайыпұлы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31арнаға сілтеме жасап.

Кең сарайдай тойханаға 300-ге жуық халық жиналған. Келген қонақтың барлығы мұндай той тұңғыш рет дейді. Қажылыққа барған 100-сапарын атап өткен Амангелді Әбдіхалықты құттықтап арысы Мысыр мен Сауд Арабиясынан, берісі бүкіл Қазақстаннан қонақтар келіпті. Қазақстанның экс-мұфтилері мен ғалымдары, өнер адамдары той төрінде. Тойға пайғамбардың қос бірдейі ресми ұрпағы да келді. 

Меккеден пайғамбардың екі ұрпағы келді: 100 рет қажылыққа барған қазақстандық азамат ұлан-асыр той жасады

"Шейх Амангелдінің шүкір кешіне арнайы Меккеден келдім. Басқа той, қуаныш болса келмес едім. Меккеде тұрып мұндай тойды естімеппін. Қажылыққа бір рет барғана адамның күнәсі кешіріледі, ал 100 рет барған адамның сауабына сан жетпейді. Өзімен бірге қанша адамды апарды. Сол сауапты алла қияметте көрсетсін", - дейді шейх Түрки.

Онымен бірге пайғамбардың тағы бір ұрпағы шейх Мәзин, Египеттен сот төрағасы Әбдулхамит, Әлиасқар университетінің деканы да тойда қонақта. 

Бірнеше кітаптардың авторы той жасаудан бұрын ғалымдардан пәтуа алдым дейді. 

Амангелді қажы алғашқы қажылығын 23 жасында өтепті. 

"Египетте оқып жүргенде алғаш 1996 жылы теңізде кемемен екі күн жүріп барған болатынмын. Ол кезде 23 жаста едім. Енді дәл 23 жылдан кейін 100-қажылық сапардан оралып отырмын", - деді Амангелді қажы. 

100 сапардың 22-і үлкен қажылық екен. Амангелді қажы Меккедегі қағба ішіне екі рет кірген жалғыз қазақстандықпын дейді.

Ұлан асыр той жасау - мақтан емес, жаратқанға алғыс айту дейді той иесі. 


Тағы оқыңыз: Әр мұсылман білуі тиіс Алланың 99 көркем есімі

 

Талқылау