Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неміс ұлтының өкілі қазақ тілі клубын ашып, келушілерді тегін үйретіп жүр

Неміс ұлтының өкілі Алина Кан қазақ тілінде еркін сөйлеп қана қоймай, ел арасында оны дәріптеп жүр. Отандасымыз “Alash” қазақ тілі үйірмесін ашқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: instagram.com/_alina.kan

Қазақ тілі Қазақстанда қолжетімді болу керек деп санайтын Алинаның үйірмесіне келушілердің саны күннен-күнге артып келеді. Мұнда мемлекеттік тілді үйретудің әдісі де басқаларға ұқсамайды. 

Қазақ тілін үйренемін деп келетіндердің арасында алпысты алқымдағандар да бар. Ал ең кішісі 12 жаста. Алинаның айтуынша, келушілердің 80%-ы – өзге ұлт өкілдері. Ал қалғаны ана тілін енді қолға алып, меңгере бастағандар. 

“Тегін үйретемін. Өйткені қазақ тілі Қазақстанда қолжетімді болу керек. Өзім Қазақстанда дүниеге келгеніме қатты қуанамын. Ұлтым неміс болса да, жүрегім — қазақ. Өзім қазақы менталитетпен өскен соң тіпті, неміс халқының салт-дәстүрін де білмеймін. Баршаңызды шын жүректен Бірлік күнімен құттықтаймын! Аспанымыз ашық болсын. Осы бір шаңырақтың астында бәріміз тату-тәтті тұра берейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын”, – деп ақжарма тілегін айтты Алина Кан.

Талқылау