"Немере туып берсе болды": Қайрат Нұртастың әкесі қандай келін керектігін айтты
Екі ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той жасаған Нұртас және Гүлзира Айдарбековтер енді кенже баланың келін әкелгенін күтіп жүр. "Қашан үйленесің?" деген сауал Заңғар Нұртасқа күнде жолданады. Алайда сері жігіт әзірге басының бос екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz.

"Анама тапсырып қойдым. Іздестіріп жатыр", – деді ол.
Ал Нұртас Айдарбеков өзіне қандай келін керектігін айтты.
"Маған бәрібір. Немере туып берсе болды. Шайымды өзім-ақ қойып ішемін. Басымды қатырмай, Заңғар, әкелетініңді тезірек әкелші. Саған ұнау керек қой, менің қатысым қанша? Маған ұнай береді, бәрі ұнай береді”, – дейді Айдарбеков.
Заңғар өз сөзінде әкелген қыздардың анасына ұнамайтынын айтып қалды.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Мамандар инициация – бозбала мен бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуын қабылдау қаншалықты маңызды екенін айтты
Ұрықтандыруды тоқтататын ота жасауға бел буған қазақстандық жұп дәрігердің сексистік көзқарасына тап болды
Диас тұңғышы дүниеге келгенде-ақ әйеліне бір баламен шектелуді ұсынған