AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Некеден тыс екі ұлы бар": Мақпал Исабекова ел арасында тараған қауесетке жауап берді

Желі қолданушылары Мақпал Исабекованың некеден тыс екі ұлы бар деген ақпарат тарата бастады. Олар әншінің өзіне тікелей сауал тастады. Алғашқыда бұған күле қараған Мақпал хаттар саны толастамаған соң, көпшілікке жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқырмандардың айтуынша, Исабекова "Мәскеуде тұратын екі ұлым бар" деп өзі сұхбат берген. Әнші түсіндірді. 

"Бұндай өсек-әңгімелерді доғарайық. Біріншіден, мен берген сұхбатымды, әрине ұмытқан емеспін. Есімнен адасқан жоқпын, Аллаға шүкір. Өзің туралы қандай өсек естіп едің деген сұраққа жауабым болған: Мәскеуде туған екі ұлым бар деп.

Жалған ақпаратты елге таратып, маған мойындатпас бұрын, анығын нақты білген абзал болар, өздеріңізді екі ортада өсекші қылмай", – деді Исабекова.

Сондай-ақ өнер иесі осы уақытқа дейін балалы болған жағдайда да оны елден жасырмайтынын ескертті. 



"Екіншіден, осы күнге дейін балаларым болса, неге мен оны жасыруым керек? Мен біреуге тәуелді емеспін, 19 жасымнан бастап адал еңбегіммен өз күнімді өзім көріп жүрген адаммын. Тұрмысқа шықпай жатып тусам да, ешкімнің алдында есеп беруге міндетті емеспін. Менің балаға деген көзқарасым мүмкін көбісіне жат болып көрінетін шығар, бірақ мен еш уақытта біреудің сөзіне, пікіріне еріп, өмір сүрген емеспін. Мен үшін бір Алла сыншы. Алла маған бала беріп жатса, оны тек маған ұсынған сыйы деп қабылдар едім", – деді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр